Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Өнеркәсіпті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының (бұдан әрі - қаулы) жобасын әзірледі.

Қаулыны қабылдаудың мақсаты өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту және компанияларды 3% - дан аспайтын мөлшерлеме бойынша қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету болып табылады. «Қор қызметінің негізгі басымдығы 2020 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер шеңберінде стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру болады».