Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 - бабының 4-тармағына сәйкес «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының (бұдан әрі-қаулы) жобасын әзірледі.

Қаулыны қабылдаудың мақсаты «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру болып табылады.