Пресс-релиз

Пресс-релиз

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес «Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің (бұдан әрі - өкім) жобасын әзірледі.

Өкімді қабылдаудың мақсаты отандық өндірушілер мен шетелдік инвесторлардың фармацевтикалық өнімнің ішкі нарығына қол жеткізуін оңайлату, сондай-ақ сатып алудағы жергілікті өнімнің үлесін ұлғайту және сатып алу мерзімдерін қысқарту болып табылады.