Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан республикасында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі Жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің (бұдан әрі - өкім) жобасын әзірледі.

Өкімді қабылдаудың мақсаты фабрикалардың толық қуатына шығу, сондай-ақ Тігін өндірісі мен екінші тоқтап тұрған фабриканы іске қосу жөніндегі шаралар болып табылады.