Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәжірибемен алмасы бойынша Минск қаласындағы (Беларусь Республикасы) семинар-кеңес

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәжірибемен алмасы бойынша Минск қаласындағы (Беларусь Республикасы) семинар-кеңес

2017 жылы мамырдың 2-сы мен 4-ті аралығында (Беларусь Республикасы) Минск қаласындағы Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар бойынша Министрлігінің жұмысты қауіпсіз жүргізуді қадағалау бойынша Департаментімен (бұдан әрі - Госпромнадзор)  бірге Кеден Одағының Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің  және техникалық регламентінің талаптары орындалу жағдайына методология бойынша мемлекеттік бақылау жүргізу үшін семинар-кеңес өткізілді.

Қазақстан жағынан семинарда ҚР ИДМ-нің Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің (бұдан әрі- Комитет) төраға орынбасары  Құнанбаев Нұрбек Сейтқамзинұлы және Комитеттің салааралық қадағалау басқармасы басшысы Нұрғалиев Нұрлыбай Өтегенұлы қатысты.

Семинар барысында химия өнеркәсібі кәсіпорындарының минералды шикізатты және калий тыңайтқышын өндіру кезінде, дәнді қайта өнідіру және сақтау бойынша объектілерінде, газбен қамту жүйесі мен магистралды құбырларында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру метолдологиясы және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтары, қадағалаудағы кәсіпорындардың апаттық жағдайын төмендету, оларды пайдаланудың өзекті мәселелері талқыланды.

Дәнді қайта өндіру объектілерінде бақылау және қадағалау қызметі тәжірибесімен танысу үшін Беларусь Республикасындағы ұнды-жармалы өнімдері мен макаронды бұйымдарды көпжақты өндіретін «Минский комбинат хлебопродуктов» ААҚ-на барды.

Беларусь Республикасы аумағы арқылы табиғи газды тасымалдауды қамтамасыз ететін «Минская» Газды компрессорлы стансасына барған кезде,

магистралды құбыр объектілерін сенімді және қауіпсіз пайдалану жүйесін жүзеге асыруда белорустық әріптестердің тәжірибесімен таныстық.

Солигорск қаласындағы «Беларуськалий» ААҚ-ғы  кенбасқармасының 1 кенішіне бару шеңберінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтарын, және де пайдалы қазбаларды жер асты әдісімен өндіру кезінде туындайтын проблемалық сұрақтарды талқыладық.

Семинар барысында қауіпті өндірістік объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңнамадағы өзгертулер жөнінде, алдағы өнеркәсіптік қауіпсізідік саласындағы әріптестікті талқыладық.