
2017 жылдағы 12 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті ғимаратында «Қазақстан Республикасы халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету және фармацевтика салаасының жай-күйі мен дамуы туралы» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдау өтті.
Парламенттік тыңдауға Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин және Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары Асқар Мамин қатысты. Тыңдауда денсаулық сақтау министрі Елжан Биртановтың, инвестициялар және даму министрі Жеңіс
Қасымбектің, сондай-ақ дәрілік саясат саласындағы халықаралық эксперті Франс Стоббелаардың (Нидерланд) тақырыптық баяндамалары үнделді. Сонымен қатар Мәжіліс депутаты, тыңдаудың дайындығы бойынша арнайы Уақытша комиссияның жетекшісі Бейбіт Мамраев баяндамамен шықты.
ҚР Инестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек отандық өндірушілерімен шығарылатын дәрілік құралдырдың сатып алуын жергілікті орындаушы органдардан «СК-Фармация» ЖШС Бірыңғай сатып алушы дистрибьюторы деңгейіне ауыстыруды ұсынды.
Сонымен бірге, ұзақ мерзімді келісім шарттар шеңберінде мәлімденген міндеттер орындалмаған жағдайда отандық өндірушілер арасындағы дәрі-дәрмектерді жеткізудің қайта бөлісу механизмін әзірлеу қажет. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына келесі үлгілік форма бойынша өзгертулерді енгізу ұсынылды: жабдықтаушыларға жеткізілген өнімдердің 30% мөлшерінде алдын ала төлемді бекіту, қалған соманы алынған және қабылдау акті бойынша құжаттарға қол қайылған күннен бастап 30 банктік күн ішінде кейіннен төлеу.
Ұзақ мерзімді келісім шарттар шеңберінде сатып алынатын отандық өндірушілер дәрі-дәрмектердің номенклатурасын кеңейту. Жоғарыда көрсетілген отандық өндірушілерді қолдау шаралары фармацевтикалық саладағы өңдеушілермен бірлесіп әзірленгенін ескере отырып, бұл кепілдемелерді іске асыру фармацевтика саласының дамуына зор үлес қосады.
2016 жылы ҚР фармацевтикалық өнеркәсбі негізгі капиталының инвестициялар көлемі 11,5 млрд тенгені құрды. Бұл 2015 жылдағы көрсеткіштен 6%-ға артық. Инвестиция көлемінің ұлғаюы соңғы бес жылда 10 фармацевтикалық кәсіпорын, соның ішінде шетел капиталдың қатысуымен, қолданысқа енгізілуімен байланысты. Қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындарында қуаттылықтың жоспарлылық жаңартуы және өндіріс саласындағы жаңа құзыреттерді игеру жүргізіліп жатыр. Индустриялық бағдарламаның бірінші бесжылдық шеңберінде салаға Польша, Түркия, Қытай және Ресей инвесторлары тартылды.
Министр, сондай-ақ, Алматы қаласы Алатау индустриялық аймағында «Хикма» трансұлттық компаниясының фармацевтикалық зауыт салу жобасын іске асыруға назар аударуды екпіндеді, онда жүрек-қан тамырлар ауруларының және орталық жүйке жүйесі ауруларның фармацевтикалық дәрі-дәрмектердің өндірісін күйге келтіру жоспарланып отыр. Өндірістік қауттылығы жылына 300 млн дәрі және 90 млн капсул, 120 жұмыс орнын құрады. Жобаның құны 40 млн АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, Атырау қаласында индиялық инвесторлармен бірлесіп дәрі-дәрмектерді өндіру бойынша құны 7 млрд тенге жоба іске асырылып жатыр. Ақтау қаласында инфузиялық ерітіндіні өндіру бойынша құны 2 млрд тенга жоба жүзеге асырылып жатыр.