«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті дөңгелек үстел өткізді»

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті дөңгелек үстел өткізді»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 28.04.2017ж. хаттама қорытындысын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қауіпті техникалық құрылғылардың иелерінің қатысумен «қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғылар, соның ішінде жүк көтергіш механизмдер мен қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды тіркеу мен есептен шығару кезіндегі құқықтары мен міндеттерін инспектор тарапынан заңсыз деректердің алдын-алу мақсатында, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдылықтарын, қауіпті өндірістік объектілердің иелеріне түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында Департамент мамандары жағынан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу және шығару бойынша сұрақтары қаралды. Жиналыс барысында пікір алмасулар болып, көптеген сұрақтар талқыланды.