
Алматы облысында қалың жаңбырдың салдарынан таулы аймақтағы «Алатау туристік базасына апаратын» автомобиль жолының 0 шақырымнан 8 шақырымына дейінгі аралығын биіктігі 3-5 см болатын лай ағыны басты. Қазір ол жерде "Казахавтодор" РМК облыстық филиалының 8 техникасы мен 10 жұмысшысы жедел жұмыс істеп жатыр. Аталмыш учаскеде тұрақты кезекшілік ұйымдастырылды. Ескерту белгілері қойылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Автокөліктердің жүруіне шектеу қойылған жоқ.