
EXPO-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Қазақстан астанасынан жоспарланған халықаралық рейстер ашыла бастайды. 2017 жылдың 30 мамыры күні Астана қаласынан Варшава (Польша) қаласына польшалық «LOT Polish Airlines» әуе компаниясы жүзеге асыратын жаңа халықаралық рейстің салтанатты ашылуы болады. Рейс Боинг 737 әуе кемесімен сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері, аптасына 4 рет орындалады. Аталмыш рейсті ашу жұмыстарын ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен шет мемлекеттердің авиация билігі бірлесіп атқарды.