«Ақтау Халықаралық Теңіз Сауда Порты» Ұлттық Компаниясы» АҚ тексерісі жүргізуде

«Ақтау Халықаралық Теңіз Сауда Порты» Ұлттық Компаниясы» АҚ тексерісі жүргізуде

Ағымдағы жылдың 10 мамырынан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің Индустриалды даму және өнеркәсіптік қаупсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2017 жылдың 1-ші жартыжылдық тексеру кестесіне сәйкес, «Ақтау Халықаралық Теңіз Сауда Порты» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік Қоғамына қатысты тексеріс жүргізудің ерекше тәртібі бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексерісті бастады. Тексеріс Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі және бекітілген тексеру парақтарының талаптары аясында жүргізілуде, атап айтқанда «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде қауіпті өндірістік объектілерге қатысты өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік қадағалау аясындағы тексеру парағы», «Қысымен жұмыс жасайтын жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпті өндірістік объектілерге қатысты өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік қадағалау аясындағы тексеру парағы» және т.с.с. Тексеріс 2017 жылдың 31 мамырына дейін жүргізіледі.