
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодекс жобасы аясында жер қойнауын пайдалану саласына жаңа реттеуші құралдарды енгізу қарастырылуда.
Соған байланысты, 2017 жылдың 13 маусымы күні сағат 15:00-де Қабанбай батыр 32/1 көшесінде орналасқан «Transport Tower» ғимаратындағы № 704 кабинетте реттеуші ықпалын талдау нәтижелері бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі.
Осыған орай, аталмыш шараға қатысатын кандидатураларды d.karimjanova@mid.gov.kz. мекен-жайына ұсынуларыңызды сұраймыз. Байланыс тел: тел. 75-41-57. Қоғамдық тыңдаулар бойынша материалдар қосымша ұсынылады.