
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті 2017 жылдың 12 мамырында жару жұмыстарын жүргізуге рұқсаттамалық құжаттарын беру және қауіпті өндірістік объектілерін салуға, кеңейтуге, жаңартуға, жабуға және жоюға жобалық құжаттаманы келісімдеу салаларында 2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы Қызмет алушылардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер бойынша басқармасының өкілі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілі қатысуымен жария талқылауын өткізді.
Мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес (2013 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы) ҚР ИДМ ИД және ӨҚК ШҚО бойынша Департаменті 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Аталған мемлекеттік қызметтердің Стандарттары ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығымен бекітіліп, ҚР ӘМ 16.06.2015 жылы № 11363 тіркелді.
Мемлекеттік қызметтердің Регламенттері ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 640 бұйрығымен бекітіліп, ҚР ӘМ 10.07.2015 жылы № 11629 тіркелді.
2016 жылы мемлекеттік қызмет бойынша 403 өтініш қаралды.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – барлығы 270,
оның ішіңде:
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер дәлелді бас тартулардың саны – барлығы 133,
оның ішіңде:
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер дәлелді бас тартулардың негізгі себептері:
Мемлекеттік қызметін көрсетуді талқылау барысында келесі мәселелер қаралды:
Мемлекеттік қызметттерді көрсету сапасына шағым белгіленген жоқ. Есептік кезеңде, мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі белгіленген уақыттарды бұзу болған жоқ.