Комитеттің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» тақырыбында жиналыс өткізілді

Комитеттің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» тақырыбында жиналыс өткізілді

2017 жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Д. Омаровтың қатысуымен  Департаменттің 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарларын  жүзеге асыру, сондай-ақ Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз» тақырыбы бойынша жиналыс өткізілді.  

Әкімшілік-қаржылық жұмыс бөлімі басшысының м.у.а. М. Айдарова Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар туралы баяндама оқыды, сондай-ақ, бейнероликтер көрсетілді.

Жиналыс барысында Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Д. Омаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылдаған стандарттары және 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңындағы мониторинг және ішкі талдау жұмыстарын  түсіндірді.