
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментпен «Инспекторлық құрамының тарапынан заңсыз іс-әрекеттер фактілерін болдырмау мақсатында, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қолданыстағы заңнаманың нормаларын және рұқсат беру рәсімдерін оның ішінде, қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ, жүк көтеру механизімдерін және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды есепке қою және есептен шығару кезіндегі олардың міндеттері мен құқықтарын, сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты түсіндіру» сауалы бойынша дөңгелек үстел өткізілді
2017 жылғы 28 сәуірдегі ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен өткен хаттаманың 5 бөлімін орындау үшін, инспекторлық құрамының тарапынан заңсыз іс-әрекеттер фактілерін болдырмау мақсатында, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қолданыстағы заңнаманың нормаларын және рұқсат беру рәсімдерін оның ішінде, қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ, жүк көтеру механизімдерін және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды есепке қою және есептен шығару кезіндегі олардың міндеттері мен құқықтарын, сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты түсіндіру сауалы бойынша қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғылардың басшыларымен 2017 жылдың 25 мамырында дөңгелек үстел өткізілді.
Кіріспе сөзбен Департамент басшысы Д.О.Тлеубаев сөз сөйледі, сондай-ақ салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бөлімінің басшысының м.а. М.С. Икиннің, көтергіш құрылыстарын мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Д.М. Дюсекеновтың, қазандық және газ шаруашылығы обьектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Б.Б. Сареповтың баяндамалары тыңдалды.
Департаменттің инспекторлық құрамының тарапынан заңсыз іс-әрекеттер фактілерін болдырмау бойынша негізгі аспектілер талқыланды.
