
2017 жылдың 29 мамырында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен, қызметі жарылғыш материалдардың айналымына байланысты және жарылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдардың қатысуымен 2017 жылдың 10 маусым және 10 қыркүйек аралығында EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің өткізілуі барысында қауіпті өндірістік объектілерін оның ішінде жарылғыш материалдарды сақтау қоймаларында күзетті күшейту жайында жиын өткізілді.
Алғашқы сөзді Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Қабылбек Қыстаубаев алып, техникалық кеңесті ашты.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің қызметкері өз баяндамасын оқыды. Террорлық тұрғыда осал объектілердегі күзетті күшейтуді көрменің кезінде емес үнемі жүргізу керектігіне тоқталды.
Келесі баяндамамен, Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі полиция подполковнигі М.Қ.Дәріқожаев бөлісті.
Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне енгізілген террористік тұрғыдан осал әрбір объектінің осы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес терроризмге қарсы қорғалу жүйесі болуы тиістігін айтты.
Жиын барысында қатысушыларға қауіпті өндірістік объектілерін оның ішінде жарылғыш материалдарды сақтау қоймаларында күзетті күшейту жайында сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.