Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде техникалық кеңес өткізілді

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде техникалық кеңес өткізілді

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде мамыр айының 30-да Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 31 наурызындағы № 387 «Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары туралы» бұйрығы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында МЭТ операторына ақпарат ұсынбаған мекемелердің (Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала» Облыстық Перинаталды Орталығы»,  «Бастау и К» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «Кыран» ЖШС, «Дорстрой» ЖШС және т.б.) қатысуымен техникалық кеңес өткізілді. Аталған бұйрыққа сәйкес МЭТ субъектілері (Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері) МЭТ  операторына жыл сайын 1-ші сәуірге дейінгі мерзімде «Электр энергиясын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ–на ақпарат ұсынулары міндеттелген.

Техникалық кеңесті кіріспе сөзімен ашқан - Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы – Қ.Қыстаубаев, өз кезегінде техникалық кеңес қатысушыларына, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 31 наурызындағы      № 387 «Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары туралы» бұйрығының талаптарын техникалық кеңес қатысушыларына таныстырып, МЭТ операторына ақпарат ұсынбаған мекемелерге ақпарат жолдамау себептері мен кедергілері туралы талқылауға ұсыныс жасады.

Техникалық кеңес барысында МЭТ субъектілерінің МЭТ операторына уақытылы ақпарат ұсынбау себептері талқыланды. Пікір-таластан соң, техникалық кеңесте 8 маусымға дейін ақпарат ұсыну мәселесі бойынша жұмыстардың аяқталу қажеттілігі жөнінде шешім қабылданды.