Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментпен техникалық кеңес өткізілді

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментпен техникалық кеңес өткізілді

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментпен «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында қолданыстағы заңнаманың нормаларын және рұқсат беру рәсімдерін оның ішінде, қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ, жүк көтеру механизімдерін және қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды есепке қою және есептен шығару кезіндегі олардың міндеттері мен құқықтарын, сонымен бірге, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты түсіндіру»  техникалық кеңес өткізілді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі хаттамасының 5 тармағына сәйкес,  «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды  және жүк көтергіш механизмдерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тіркеу реті» тақырыбында 2017 жылдың 26 мамырында техникалық кеңес өткізілді.

Алғашқы сөзді Департамент басшысы Қыстаубаев Қабылбек  алып, техникалық кеңесті ашты.

Департаменттің Қазандықтар, газ шаруашылықтары, көтергіш құрылыстары және нан өнімдері объектілерін мемлекеттік қадағалау, бөлімінің бас маманы Айтимова Мадина Амандыковна «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды  және жүк көтергіш механизмдерді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тіркеу ретін түсіндіріп  берді.

Техникалық кеңес барысында, «Автогаз құю бекетттеріндегі қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар кезінде Қызылорда облысының әкімдігі Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  басқармасында тіркелген, енді сол ыдыстарды аталған органнан есептен шығарып, сіздерге есепке қою керек па?» «Қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстар иесі өзгергенде, қайта тіркеу қажет па?» деген сұрақтар қойылды.

Департамент басшысы: ««Автогаз құю бекетттеріндегі қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар аталған органнан есептен шығарылып, біздің департамент есебіне қоюға жатады», «Қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстар иесі өзгергенде, қайта тіркеуге жататындығын» -  айтты.

 

Техникалық кеңес қорытындысы:

Қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстар, жүк көтергіш механизмдер өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тіркеу әзірге қағаз жүзінде, өтініш беру арқылы жүргізіледі.