ҚР ИДМ Көлік комитеті «Скутер» шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану акциясын өткізеді

ҚР ИДМ Көлік комитеті «Скутер» шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану акциясын өткізеді

Қазақстанда тіркелуге жатпайтын катамарандар, ескекті және үрлемелі қайықтарды санамағанда 28 мыңнан астам шағын көлемді кеме тіркелген.

Суға түсу маусымы ашылған кезеңде еліміздегі су айдындарында адамдар мен кемелердің саны күрт өседі. Сонымен бірге адам өлімі мен денсаулыққа зиян келтіретін кеме көлік оқиғалары жиілейді.

Осыған сәйкес, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің  Көлік комитеті жыл сайын 1 маусымнан бастап 31 тамыз аралығында жалпы республикалық «Скутер» акциясын өткізеді.

Акцияның мақсаты – шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану, адам өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

Осы шараларды өткізу барысында шағын көлемді кемелердің қауіпсіздік талаптарын сақтауына тексеру жүргізу жоспарлануда. Олар: тіркелген, техникалық байқаудан өткен және құтқару жабдықтары бар шағын көлемді кемелерді пайдалану, кемелерді басқаруда осыған құқығы бар адамдардың басқаруы және т.б. 

«Скутер» акциясы Көлік комитетімен су көліктерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын 2017 жылғы флоттағы апаттың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізгі бөлігі болып табылады.

Көлік комитетінің территориялық органдары тексерістер жүргізумен қатар, шағын көлемді кемелердің қауіпсіз пайдалануын реттейтін заңнаманың талаптарын түсіндіру бойынша шағын өлшемді кемелердің иелерімен, база-тұрақтарының және демалыс аймақтарының иелерімен сақтандыру жұмыстарын өткізуі жоспарланған.