
Қазақстан Республикасы және Еуропа Одағы арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 2017 жылдың 17-18 мамырында Алматы қаласында Еуропа Одағынан келген делегацияның қатысуымен экспорттық бақылау мәселелері жөнінде семинар өтті.
Бұл іс-шара сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын қазақстандық компанияларға арналған. Семинар экспорттық бақылауға жататын өнімдерді ауыстырумен айналысатын Қазақстан Республикасының жетекші компанияларының катысуымен өтті («Казатомпром» АҚ, «Казахстан Aselsan Инжиниринг» АҚ, «Батыс-қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ және тағы басқа).
Іс-шарада мынадай мәселелер талқыланды: Стратегиялық тауарлар саудасын бақылаудың бүгінгі жүйесінің халықаралық байланыстары, сыртқы сауданы реттеудегі мемлекеттік рөлі, экспорттық бақылаудың қазақстандық фирмаішілік жүйелері.
Келесі іс-шара ағымдағы жылдың 21 маусымында Астана қаласында өтеді. Бұл іс-шараға Еуропа Одағынан және Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Тәжікстан, Түркменстан, Иордания мемлекетерінен келген делегацияның қатысуымен өтеді