
Бұрын хабарланған, VIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі және "Astana Mining & Metallurgy" ‒ AMM-2017 25-26 мамырында Астанада өтті.
АММ-2017 бірінші күні «Нарық көсбасшылары. Даму стратегиясы», «Геологиялық барлаудың инвестициялық әлеуеті» және «Өнеркәсіпті жаңғырту және индустрия 4.0-ді енгізу» тақырыптағы сессиялық отырыстар өтті. Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты А.П. Рау «Нарық көсбасшылары. Даму стратегиясы» бірінші сессияның модераторы болды.
Сессия жұмысында Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі А.С. Айдарбаев өз баяндамасында АММ саланың басты дискуссиялық алаңы болып табылатынын және Конгресс саланың ахуалын біліп отыруға, негізгі мәселелерді және сындарды бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті. АММ-ның салаға және мемлекетке стратегиялық маңызы бар жобасы деп санағандықтан, ҚР ИДМ Конгресті және көрмені негізделгенінен бастап қолдап жатыр. Осы деңгейдегі салалық кездесулер – бұл Даму жол карталарын әзірлеуге, даму бағыттарын түзетуге, халықаралық контракттардың және меморандумдардың мемлекеттік қолдау мүмкіндігі болып есептелінеді.
VIII Халықаралық тау-кен металлургия Конгресінің екінші күні аясында келесі тақырыптар бойынша әр-түрлі іс-шаралар өткізілді:
- «ТМК үшін жоғары білікті инженерлік-техникалық кадрлар дайындау – мемлекет пен бизнестің басым мақсаты» атты дөңгелек үстелі. Онда «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік тұрғыда ТКМК кәсіпорындары үшін кадрларды дайындаудың кейбір мәселелері» тақырыбында ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетітің тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының басшысы Ж.Т.Игисинов баяндама жасады.
- «Қазақстан Республикасының тау-кен кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету» атты дөңгелек үстелі;
- «Индустрия 4.0. үлкен деректер қорының тереңдетілген аналитикасы және ТКМК кәсіпорындарына аддитивті технологияларды енгізу» атты семинар;
- «Австралиянық ТМК Қазақстандағы күні» презентациялар сериясы. Австралиялық сауда және инвестициялар жөніндегі комиссиясы (Austrade) серіктес болды. Қазақстандағы Австралияның елшісі Петер Теш құттықтау сөзімен шықты.
- «Шантаж на шахте» атты журналисттерге арналған ойын;
- «Қазақстан Республикасының ЭЫДҰ Болат Комитетіне ену аясындағы қара металлургиядағы мемлекеттік саясаты» атты дөңгелек үстелі. Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты А.П.Рау модератор болып атқарды;
- «Өңірлік геологиялық-түсіру жұмыстары - пайдалы қазбалардың кен орындарын тиімді іздеу негізі» атты дөңгелек үстелі;
- «Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жобасының тұжырымдамалық мәселелері бойынша талқылау» атты дөңгелек үстелі;
- «Қазақстанда зергерлік өндірістің дамуы» атты дөңгелек үстелі. ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетітің Төраға орынбасары Қ.Қ.Байытов осы дөңгелек үстелдің модераторы болды.



