Астана қаласы «ЭКСПО-2017» көрмесі объектілерінің құрылысы аяқталды

Астана қаласы «ЭКСПО-2017» көрмесі объектілерінің құрылысы аяқталды

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев сызба-идея сәулет конкурсында техникалық кеңестің шешімімен жеңімпаз ретінде жаряиланған "AdrianSmith + GordonGillArchitecture" компаниясымен әзірленген көрме кешенінің сәулет сызбасын бекітті. Көрме кешенінің жалпы ауданы - 174 гектар. Мұнда ауданы бір миллион шаршы метрден  астам  объектілер салынды. Көрме кешеннің аймағында ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасқан. Көрмеден тыс аймаққа мәжіліс орталықтары, баспасөз орталығы, жабық қала, үйлер мен қонақ үйлер кіреді.

Жүз мыңдаған шаршы метр тұрғын үй құрылыстары аяқталды. Үйлер қалыпты даму қағидасы бойынша және «жасыл» технологияның барлық талаптарына сай және сапалары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. "EXPO-2017" көрмесінің аясында 20 мыңға жуық жұмыс орындары пайда болды «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі нысандарының құрылысына жүзден астам Қазақстандық кәсіпорындар тартылды.

 «ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қ. бойынша департаменті» РММ 2014 жылы бақылау қызметінің бағыты бойынша (салааралық бақылау, көтеру құрылғыларын және қазандықтар мен газ шаруашылығы объектілерін) жұмыс тобы құрған болатын.

«ЭКСПО – 2017» көрмесі объектілерінің құрылысы кезінде жұмыс тобына кіретін инспекторлар тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша басты құрылыс ұйымдарында ( «Корпорация «Базис-А» ЖШС, «BI Group» ЖШС, «Сембол иншаат» компаниясының филиалдарында және басқадай) тексеріс жүргізіп жаңадан құрастырылған мұнаралы крандардың жұмысына рұқсаттамалар берілді.

«ЭКСПО – 2017» көрмесі дүниежүзілік қоғамдастыққа біздің елдің жетістіктері мен алдағы мүмкіндіктері туралы көрсете алады. Қазырғы уақыттың өзінде Қазақстан әлемге ірі энергетикалық мемлекет ретінде, уран өндіруден алдынғы қатарлы ел екені, астықтың ірі экспортері, көптеген  табиғи ресурустарымен танымал. Жас мемлекеттің астанасында осындай кең көлемдегі іс-шараларды атқару - қол жеткен жетістіктерге тоқтамай, Қазақстанның  алдағы уақыттарда даму жолында еңбектене беретінін көрсетеді.