AMM-2017 шеңберінде «Алтын Гефест» марапаттау рәсімі өтті

AMM-2017 шеңберінде «Алтын Гефест» марапаттау рәсімі өтті

Конгресс аясында дәстүрлі түрде «Алтын Гефест» байқауы өткізілді. Бұл марапат тау-кен ісінің, металлургия, ғылыми педагогтар, журналисттер және студенттердің үздіктеріне арналған.

Осы жылғы байқауыда «Алтын Гефест» сыйлығын алу құқығына 190 номинант күресті. Бұл байқау тарихындағы өтініштердің рекордтық саны болып табылады. «Қазақстан Республикасының ТМК дамуына және АММ конгресінің дамуына қосқан үлес үшін» құрметті марапатпен Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты А.П. Рау марапатталды.

«Жыл геологы» наминациясында «Еуразиялық топ» ЖШС Жер қойнауын пайдалану бойынша директоры Жармұхамбетов Мажит Нұрбайұлы жеңімпаз атанды.

«Жыл кеншісі» болып «Востокцветмет» ЖШС Бас инженері Соловьев Сергей Николаевич атанды.

«Жыл металлургы» болып «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ титан құймалары өндірісі бойынша ауыртпалық дайындау цехының және араластыру орнатқысы операторы Қырынбаев Тлек Оралбекұлы атанды.

«Жыл жобасы» номинациясында «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС Ақтоғай КБК жеңімпаз атанды.

«Инновациялар бойынша жыл көшбасшысы» наминациясында « «Интеррин» Ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС жеңімпаз атанды.

«Қазақстандық құрамы бойынша жыл көшбасшысы» номинациясында «Kazzinc» ЖШС жеңімпаз атанды.

«Жыл ғалым-педагогі» номинациясында Крупник Леонид Андреевич жеңімпаз атанды, Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті.

«Жылдың дипломдық жұмысы» ретінде Қарағанды мемлекеттік техникалық универститет студенті Машкенова Айжан Ерланқызы жеңімпаз атанды.

«Энергияны үнемдеу саласындағы үздік шешімі» наминациясында «Казхром».Трансұлттық компаниясы» жеңімпаз атанды.

 «ТМК туралы баспасөз беттеріндегі және ғаламтор-ресурсындағы үздік журналистік жұмыс» номинациясында Гусев Олег Иванович жеңімпаз атанды, Atameken Business Channel телевизиондық арна.

«ТМК туралы ТД-ғы үздік журналистік жұмыс» болып Евгений Больгерт пен Мирана Нусупбекова атанды, Atameken Business Channel телевизиондық арна,

«ТМК-гі Еңбек адамы туралы үздік журналистік жұмыс» номинациясында Бурьянов Владимир Александрович жеңіске жетті, «Экспресс К» республикалық газеті.

Сондай-ақ, тау-кен және металлургия саласының үздік қызметкерлері «Кенші даңқы» және «Еңбек даңқы» құрметті эмблемалармен марапатталды.