Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінде 2017 жылдың 2 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылы 4 маусымдағы №258 Конституциялық Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты жиналыс өтті. Осыған орай, «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына сәйкес,  жаңадан қабылданған және сынақ мерзімін сәтті өткізген қызметкерлері:

- Байгутов Нурдаулет Талгатулы Тау-кен техникалық қадағалау бөлімінің бас маманы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;

- Реймова Багдат Жумабековна Салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің антын қабылдады.