
2017 жыл 17 мамырында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері және «Carlsberg Kazakhstan» ЖШС-нің қызметкерлерімен ерекше тәртіп бойынша тексеру аяқталғаннан кейін, «Қауіпті өндірістік кәсіпорындарда авария мен жазатайым оқиғаларға жол бермеу, сондай-ақ, өзінің нормативтік мерзімі өткен техникалық құрылғыларды жаңарту туралы» тақырыбында кеңес өткізілді.
Техникалық кеңестің барысында ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысының орынбасары Ольжабаев Б.М. қауіпті өндірістік кәсіпорындарда апаттарды және оқыс оқиғалардың және жазатайым оқиғалардың болдырмау және өзінің нормативтік мерзімі өткен техникалық құрылғыларды жаңарту туралы түсініктеме берді.
Салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруды бақылыу бөлімі басшысының м.а. Икин М.С. қауіпті химиялық заттарды қолданатын кәсіпорындардағы ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық күшейту жөнінде айтып өтті.
«Carlsberg Kazakhstan» ЖШС-нің бас инженері Е.Нұрғалиев қауіпті өндірістік кәсіпорындарда авария мен жазатайым оқиғаларға жол бермеу, сондай-ақ, өзінің нормативтік мерзімі өткен техникалық құрылғыларды жаңартылып жатқандығы туралы ақпарат берді.
Қорытындылар/ұсыныстар:
Қаланың ішінде аммиакты тастаумен жетекшілік ететін аммиакты тоңазытқыш қондырғылардағы аварияны болдыртпау үшін, ҚР заңнамасының талаптары мен өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларында көрсетілген шараларды міндетті түрде пайдалану.

