ТРМК «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы» туралы айтып берді

ТРМК «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы» туралы айтып берді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы» туралы айтып берді.

«Аталған заң жобасын қабылдау стандарттау саласында қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу үшін жағдай жасау, халықаралық үлгіге негізделген ұлттық стандарттау жүйесін құру, ұлттық стандарттар рөлін арттыру, өнімдердің, процестер мен қызметтер сапасын арттыру үшін жағдай жасау, инновациялар мен технологиялар трансфертін енгізуді ынталандыру, сондай-ақ ішкі және сыртқы нарықтарда ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру сияқты құқықтық, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерге жол ашады», - деп атап өтті Комитет төрағасы Ғ.Дұғалов.

ЕАЭО мен ДСҰ бекіткен келісімшарттар аясында техникалық реттеу мен стандарттау әкімшілік құрал ретінде түрлі заңнамалық актілермен, міндетті салада «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы арқылы, сондай-ақ ерікті салада таныстырылып отырған «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы арқылы регламенттелуі тиіс.

Заң жобасында стандарттау процесінің операторы ретінде Ұлттық стандарттау органы жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Заң жобасын әзірлеушілер сарапшылармен, халықпен, бизнес-қоғамдастықпен және Парламент депутаттарымен болған пікір алмасудың тиімділігін атап өтті.

Ағымдағы жұмысқа жүргізілген талдау барынша жиі қойылатын сауалдар арасында стандарттаудың мақсаттары, қағидаттары, стандарттау субъектілерінің құзыреті мен өзара әрекет ету процедуралары айқын белгіленген ұлттық стандарттау жүйесін қалыптастырумен байланысты мәселелер алаңдататынын көрсетті.

Кездесу барысында брифингке қатысушылар ведомство өкілдеріне стандарттау саласында құқықтық нормалардың өзгеруіне қатысты бірқатар сауалдар қойып, жауап алды.