ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде шектеулер енгізіледі

ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде шектеулер енгізіледі

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі 2017 жылдың 1 маусымынан бастап 12 қыркүйегіне дейін көрме кешендерінің орталығынан радиусы 3 шақырым және биіктігі 3000 метрге дейін ЭКСПО-2017 аумағы үстінен ұшып өтуге шектеу қойылды.

ЭКСПО-2017 аумағынан шектеу қойылған уақытта әуе кемелерін ұшыруға және пилотсыз ұшатын аппараттарды арнайы келісімсіз қолдануға болмайды.

Пилотсыз ұшу аппараттары пайдалану және олардың ұшуларды келісу тәртібі туралы «Пилотсыз ұшу аппараттары пайдалану туралы» 2015 жылдың 24 шілдесіндегі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз хабарламасынан оқып, таныса аласыздар.