
2017 жылғы 13 маусымда Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Комитеттің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 2017 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Қарағанды түсті металл» ӨБ-нің «Нұрқазған» жер асты кенішінің қауіпті өндірістік объектілеріне және Нұрқазған байыту фабрикасына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік және заңнамалық актілерді сақтау мәніне өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында ерекше тәртіп бойынша тексеру бастады.
Комитет төрағасының орынбасары Н.С. Құнанбаевтың төрағалығымен тексерісті ашу бойынша мәжіліс өткізілді.
Мамандар аталған кәсіпорындардағы қауіпті өндірістік объектілерді тексеруге кірісті.


