
2017 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі А.С. Айдарбаевтың басшылығымен «NADLoC» АҚ, «ҚИДИ» АҚ, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы, Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндірушілер одағы, сонымен қатар салалық кәсіпорындардың қатысуымен жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Мәжілісте алғы сөзбен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі А.С. Айдарбаев сөз сөйледі, бұдан басқа «Жеңіл өнеркәсіптің қазіргі жағдайы» тақырыбына Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер одағының Президенті С.Б. Шауенованың, сондай-ақ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарушы директоры - Өңдеу өнеркәсібі департаментінің директоры А.С. Дангилованың Қазақстан Республикасындағы жеңіл өнеркәсіптің даму перспективалары туралы баяндамалары тыңдалды.
Мәжіліс шеңберінде Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Ж.М. Қасымбектің Құрмет грамотасымен жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.