Қарағанды облысында 2017 жылдың 1-жартыжылдығында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында өткізілген іріктеп және жоспардан тыс тексерістер жөнінде

Қарағанды облысында 2017 жылдың 1-жартыжылдығында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында өткізілген іріктеп және жоспардан тыс тексерістер жөнінде

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментімен «Іріктеп тексерулер тізімдерін бекіту туралы» бұйрықтарға сәйкес ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында «Карцемент» АҚ және «Bassel Group LLS» ЖШС-не іріктеп тексеру, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-на жоспардан тыс тексеріс өткізілді.

Тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылды.

«Карцемент» АҚ: тексеру қорытындысы бойынша «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының 2 бұзушылықтары анықталды. Энергия тұтынудың нормативін асырғаны үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 289-бабы 2-бөліміне сәйкес 24 млн 621 мың теңге соммасындағы әкімшілік айыппұл салынды. (ірі кәсіпкерлік субъектісі).

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ: бұрын берілген нұсқаманы орындау бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. 2 бұзушылықты жоймағаны үшін «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ы бас энергетигі бөлімін 3 тәулікке тоқтатумен 500 АЕК 1 млн. 134 мың 500 теңге соммасындағы әкімшілік айыппұл түрінде жазаға тартылды.

«Bassel Group LLS» ЖШС: тексеру қорытындысы бойынша «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының 1 бұзушылығы анықталды. Энергия тұтынудың нормативін асырғаны үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 289-бабы 2-бөліміне сәйкес 205 мың 169 теңге соммасындағы әкімшілік айыппұл салынды. (ірі кәсіпкерлік субъектісі).