Қазақстанда алғаш рет сирек жер металдарын іздеу жөніндегі жоба іске асырылуда

Қазақстанда алғаш рет сирек жер металдарын іздеу жөніндегі жоба іске асырылуда

Тәуелсіз Қазақстанда мұндай жоба алғаш рет жүзеге асырылуда және сирек жер металдары шикізатының әлем нарығында тапшылығына байланысты мейлінше өзекті мәселе болып табылады.

Компания күтіліп отырған ресурстарды бағалайтын Қазақстан аумағындағы барлығы 18 перспективалы учаске алдын ала белгіленді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстанда сирек жер металдарын өндіруді дамытудың салалық бағдарламасы әзірленеді.

«Қазгеология» АҚ  жобаны жүзеге асыру үшін орталықтары Өскемен, Алматы және Қарағанды қалаларында орналасқан Қазақстанның Шығыс, Орталық, Оңтүстік және Солтүстік Батыс өңірлеріндегі учаскелерді бағалау үшін компания геологтарының ішінен төрт топ құрды.

Жоба тақырыптық ғылыми зерттеулерге жақын әрі оны іске асыру үшін ғылыми әріптес ретінде Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты атсалысуда. Сондай-ақ, жұмыс тобына геология-минералогия ғылымдарының докторы Б.Рақышев, геология-минералогия ғылымдарының кандидаттары А. Антоненко, Р.Губайдуллин және басқа да Қазақстанның ғалым геологтары кірді.

«Қазгеология» АҚ  мамандары бүгін Орталық Қазақстанда Ақмая-Жәнет  учаскесінде 408 қ.км, Қоңырат учаскесінде 196 қ.км рекогносцировкалық геологиялық маршруттардан өтіп, тәптіштелген учаскелерде минералдану аймақтарын зерттеу үшін іздеу маршруттарын салды.

Бұдан басқа, компания Орталық Қазақстанның Ақмая-Жәнет, Қоңырат және Көктенкөл  учаскелерінде бұрғылау жұмыстарын атқаруға кірісті.

Сондай-ақ, Ақмая-Жәнет  учаскесінің Байназар кен орнында мамандар әрқайсысының тереңдігі  80 қ.м 2 ұңғыманы бұрғылады, сондай-ақ оларда 30 қ.м бұрғыланған 3-ші және 4-ші ұңғымаларда жұмыстар басталды.

2017 жылға арналған жұмыстар жоспарына сәйкес осы жоба бойынша жалпы көлемі 1440 қ.м 18 ұңғыма бұрғылау жоспарланды.

Бұдан басқа, осындай жұмыстар Солтүстік Батыс өңірінде жүргізілуде, атап айтқанда,  Айыршоқы-Надеждинский учаскесінде күні бүгін көлемі 325 км рекогносцировкалық геологиялық маршруттар, 29 км тәптіштелген іздеу маршруттары орындалып, 22 сынама мен 52 үлгі іріктеп алынды.

Сондай-ақ, геологтар Қостанай облысының Жітіқара алаңында іздеу маршруттарын бастады, тиісінше Шығыс және Оңтүстік өңірлерінде Қалба учаскесі мен Қарақамыс алаңында рекогносцировкалық және таукен жұмыстары орындалуда.

Компанияға 2 жыл мерзім ішінде Қазақстанның барлық негізгі сирек жер металдары кенкен провинциялары бойынша даладағы талдамалық растау жұмыстарын орасан зор көлемін орындау міндеті алда тұр, олардың нәтижелері бойынша геологиялық зерттеулерді одан әрі жүргізу жөніндегі бағдарлама әзірленіп, ол ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетіне тапсырылады.

Әлемдегі жоғары сұранысты және жоғары теъхнологиялық әрі инновациялық электронды өндірістерді дамыту жөніндегі үрдістерді ескере отырып,  Компания бүгінгі күні осы жобаны елдің индустриялық-инновациялық дамуындағы ең перспективалы және бәсекеге қабілетті бағыттардың бірі деп бағалайды.