Халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері жөнінде Қазақстан-Молдова Аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті

Халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері жөнінде Қазақстан-Молдова Аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті

2017 жылғы 15 маусымда Астана қаласында 1999 жылғы  15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы Келісім аясында Халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері жөнінде Қазақстан-Молдова аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Аталған отырыста Қазақстан тарапына ҚР ИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары С.Гилимов, Молдова тарапынан Молдова Республикасы Көлік және жол инфрақұрылымы министрінің орынбасары С.Букатару төрағалық етті.

Отырыс барысында Тараптар халықаралық автомобиль тасымалдары саласында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және оның одан әрі дамуының перспективаларын талқылады.

Келіссөздер барысында Тараптар 2017 жылға арналған рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын және 2018 жылға арналған алдын ала квотасын белгіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.