«АрселорМиттал Темиртау» АҚ-да орын алған жазатайым оқиға бойынша

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ-да орын алған жазатайым оқиға бойынша

2017 жылғы 18 маусымдағы сағат 04:27-де ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті Қарағанды облысы бойынша Департаментінің Теміртау қаласы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік бөліміне «АрселорМиттал Темиртау» АҚ Болат Департаментінің диспетчері Е.А. Гузыкиннан Домен цехының газшысы 1959 ж.т. Д.А. Ашкеев сағат 02:00-де №4 домен пешінің үрлеу технологиялық қондырғылары ғимаратында өмір нышандарынсыз гидравлика ұстасы Т.Н. Абиуовпен табылғаны жөнінде, және газшы В.Н. Ворончихинға мәлімдегені жөнінде хабарлама түсті. Олар бірге жәбірленгенді ғимараттан алып шығып, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ Болат Департаментінің медициналық қызметіне хабарлады.

Жедел жәрдем бригадасының реанимациялық әрекеттерінен кейін және Теміртау қаласы медициналық мекемесіне жеткізгеннен кейін Д.А. Ашкеевтің өлімі белгіленді.

Гидравлика ұастасы Т. Н. Абеуов және газшы В. М. Ворончихин денсаулықтарының нашарлауын сезінді және Теміртау қ. медициналық мекемесіне тұншықтырғыш газбен улану деген алдын ала диагнозбен жеткізілді.

Қазіргі уақытта Теміртау қ. еңбек басқармасы өкілінің төрағалығыменен және ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департамент өкілінің қатысумен оқыс оқиғаны тергеу бойынша комиссия құрылуда.