Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өткізілді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өткізілді

2017 жылғы 19 маусым күні Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күні мерекесіне орай, әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты жиналыс Департамент басшысы Қ. Қыстаубаевтың сынақ мерзімін сәтті аяқтауына байланысты кіріспе сөзімен басталды.

Ант беруші - қазандықтар, газ шаруашылықтары, көтергіш құрылыстары мен нан өнімдері объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы М. Айтимова мемлекеттік қызмет атқаруда елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, адал да білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант беріп, қол қойды.

Ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің орындалуымен аяқталды. Жиналыс соңында Департамент басшысы қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, адал да абыройлы қызмет етіп, үлкен жетістіктер мен жеңістер тіледі.