Шығыс Жезқазған кенішінде ерекше тәртіп бойынша тексеріс

Шығыс Жезқазған кенішінде ерекше тәртіп бойынша тексеріс

Жезқазған аймағы бойынша түсті металлургиядағы тау-кен қадағалау бөлімі 2017 жылдың  бірінші жарты жылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша айрықша тәртіппен жүргізілетін тексерістер кестесіне сәйкес 2017 жылдың 24 мамырынан бастап Шығыс Жезқазған кенішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының нормативті және құқықтық актілер талаптарының сақталуы бойынша  ерекше тәртіппен тексеру жүргізіп жатыр.

Тексеру соңында тексеру нәтижелері бойынша акт, сонымен бірге кәсіпорын учаскелерінде орын алған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.

Орын алған бұзушылықтар және өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын бақылауды әлсіреткені үшін айыптылар тәртіптік жазаға тартылады.