
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде (бұдан әрі - Департамент) Департаменттің 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралар жоспарына және Департаменттің мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сай, сонымен қатар Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілі А.Т. Аманиязованың қатысуымен 2017 жылдың 19 маусымда семинар-жиналыс өткізілді.
Департамент басшысының міндетін атқарушысы А. Абулхаиров жиналыс тақырыбындағы сөз бастаса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактика басқармасы бас маманы А.Т. Аманиязова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл заңнама талаптарын түсіндіре отырып, бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Семинар – жиналыс барысында слайдтар мен видеороликтер көрсетілді.
Семинар – жиналыс соңында Департамент қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және мемлекеттік қызметшілердің қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын сақтау қажеттілігі туралы ақпараттандырылды.