Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі жыл басынан бері 3,2% артты

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі жыл басынан бері 3,2% артты

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен  Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңдеу өнеркәсібіндегі даму қорытындылары туралы баяндама жасады. 

Бүгінгі таңда экономика өсуі біршама баяулағанымен, өңдеу өнеркәсібі өсімнің негізгі драйвері болып отыр. Биылғы 10 айдың қорытындысында саладағы өндіріс көлемі 3,2% өсті. Жалпы өңдеуші саланың барлық секторлары бойынша оң динамика байқалады.

Өткен 10 айда машина жасауда тұрақты өсім сақталып, нақты көлем индексі 116,5% құрады. Атап айтқанда, автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 53,6%, өзге көлік құралдарын жасау 87,1%, электр жабдықтарын жасау 3%, машиналар мен жабдықтар өндірісі 4,3% өсті.

Түсті металлургияда өндіріс көлемі 1,9% артты. Оған тазартылған алтынның 6,4%, раффинирленген мыстың 8%, құйма алтын өндірудің 35%, түйіршіктердегі күмістің 25%, бастапқы алюминий өндірудің 1% артуы   есебінен қол жеткізілді.  

Қара металлургияда өсім 0,3% құрады. Оның ішінде арматура прокаты 11%, ферро-силико-марганец 13%, арматуралар, шарлар және домалақ шыбықтардың тауар өндірісі 3% артты.

Жаңа жағдайға бейімделіп, жаңа өндірістерді жолға қою есебінен еліміздің фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 39,7% артты.

Жеңіл өнеркәсіпте де ілгерілеу байқалып, 16,4% өсім көрсетті. Негізінен ол өсім тоқыма бұйымдары өндірісінің 4,4%, киімнің 1,4% және былғары өнімдердің 160,3% ұлғаюына байланысты болды. 

Қағаз және қағаз өнімдері өндіріс көлемінің өсімі 15,0%, ағаш және тығын бұйымдарының өндіріс көлемі 52,6% артты.

Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 82,7% құрады. Пандемияның көлік саласына теріс әсеріне қарамастан, жекелеген бағыттарда өсім болды.  Контейнерлердің транзит тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,4%  артып, (2019 жылдың қаңтар – қазан - 530,8 мың жиырма фунттық балама) 718,6 мың жиырма фунттық баламаны құрады. Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі
3,2 млрд. тоннаны немесе өткен жылмен салыстырғанда 92,9% құрады (2019 жылдың қаңтар – қазан 3,5 млрд.тонна).

2020 жылдың қазан айында тасымалданған жолаушылар саны қыркүйек айымен салыстырғанда 15,5% өсті. Әуемен жолаушылар тасымалы 1,6% артып, 621мың адамды құрады. Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлік тасымалдар 10% немесе 5100 жиырма фунттық баламаға артып, 55 900 жетті.

Жүк тасымалы саласында да өсім бар. Атап айтқанда, қазан айында жүк тасымалының жалпы көлемі қыркүйекпен салыстырғанда 3,4% өсті.

Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 110,7% (пайызды) құрады. 15 өңірде оң динамика байқалады.

Тұрғын үй құрылысында биылғы 10 айдың қорытындысында 10 млн. 744 мың шаршы метр баспана салынды. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,7%. Республика бойынша барлығы 94 мың 737 баспана пайдалануға берілді (оның ішінде 34 535 жеке тұрғын үй). 15 өңірде бұл салада көрсеткіш артты.

Министрлік 2020 жылға қойылған міндеттерді орындау үшін рецессиясының таралуын тежеу және барынша зардап шеккен салалардағы жағдайды тұрақтандыру үшін қажетті барлық шараны қабылдап жатыр. Жыл қорытындысында жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізіледі.