«ЖИҺАЗ ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР-2017»XXII ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ «АҒАШ ЖӘНЕ АҒАШӨҢДЕУ-2017» XV ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

«ЖИҺАЗ ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР-2017»XXII ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ «АҒАШ ЖӘНЕ АҒАШӨҢДЕУ-2017» XV ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

2017 жылдың 14 мен 17 маусым аралығында Алматы қаласында «Жиһаз және Интерьер-2017» және «Ағаш және Ағашөңдеу-2017» жыл сайынғы Қазақстандық Халықаралық Көрмелері өтті.

2009 жылдан бері Халықаралық көрмелердің ұйымдастырушыларының бірі Жиһаз және ағашөңдеу өндіріс кәсіпорындарының қауымдастығы болып табылады.

Бұл жылы көрмелерде жақын және таяу шетелдердің 12 мемлекеттерінен 120-дан аса кәсіпорындар мен компаниялар қатысты: Қазақстан Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Австриядан, Әзірбайджаннан, Беларусь Республикасынан, Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Молдова Республикасынан, Польша Республикасынан, Сингапурдан, Өзбекстаннан және Украинадан, олардың 61 қазақстандық қатысушылар, оған қоса жиһаз өндірушілер, шикізат, қосалқы бөлшектер, ағашөңдеу құралдарын жеткізушілер.

Қазақстан Республикасының Жиһаз және ағашөңдеу өндіріс кәсіпорындарының қауымдастығы көрме шеңберінде Қазақстанның үздік өнімі мен үздік өндірушісін таңдайды. Сайыс жеңімпазы өз кәсіпорнының және шығаратын өнімінің белгіленген жарнамасына ие болады.

Көрме шеңберінде «Қазақстанның жиһаз саласының дамуы. Сала кәсіпорындарының қуаттылығын жүктеу жағдайын қамтамасыз ету. Келелсіздіктер және шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстанның даму институттары өкілдерінің көрмеге қатысуын атап өту маңызды, көрменің барлық экспонаттарына келіп қана қоймай, Дөңгелек үстелге қатысып, жиһаз саласының Алматы қаласындағы кәсіпорындарына барды.

Дөңгелек үстелдің ашылуында Ассоциация Президенті Е. Ш. Садықов көрмені ұйымдастыруға жәрдем бергені үшін Ұлттық палатаға алғысын білдірді, және де бірінші рет Ұлттық палатаның арқасында көрмеге, Дөңгелек үстелге Министрліктер мен даму институттарының белгіленген өкілдері қатысқанын атап өтті. Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Құрылыс индустриясы және ағашөңдеу өнеркәсібі басқармасының Басшысы А. У. Сагиданов жиһаз саласының басшылары мен өкілдерін, Министрліктің кәсіпорындарды қолдау, шығаратын өнімдерінің көлемі мен сатуды ұлғайтуға бағытталған жұмыстарынан хабардар етті. «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ Төраға орынбасары А.Ж. Закирьянова дөңгелек үстел қатысушыларын жұмыс өнімділігі мен шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға бағытталған кәсіпорынның қолдау құралдары жайлы, ал «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ директоры С.М. Нарбаев қазақстандық өнімнің экспорт көлемін ұлғайтығу бағытталған қолдау құралдары жайлы хабардар етті.

Сонымен қоса, бірқатар жиһаз кәсіпорындарының басшылары мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы мәселесі жайлы, жиһаз саласының техникалық егжей-тегжейінің «ұшталғаны» мәселесі жайлы пікірлерін талқылады.