
2017 жылдың 23 маусымында Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Онда Еуразия үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің премьер-министрлерімен қабылдануы жоспарланған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2018 – 2020 жылдарға арналған әуе көлігі бойынша үйлестірілген көлік саясатының Негізгі бағыттары мен жүзеге асыру кезеңдерін қолға алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының («жол картасының») жобасы мақұлданды. Қазіргі таңда 2018-2020 жылдарға арналған «Жол картасының» бірінші кезеңі (35 іс-шаралар) қабылдануда.
Бұдан бөлек, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер пайдаланатын және орындайтын міндетті өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптарды, сонымен қатар осы құралдарды таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейтін ЕАЭО-ның «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламент мақұлданды және ауыз судың таңбалануына және қапталуына қойылатын талаптарды белгілейтін ЕАЭО-ның «Қаптамаға құйылған ауыз судың, соның ішінде табиғи минералды судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент мақұлданды.
