Қадағалайтын кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуы жайлы түсіндіру

Қадағалайтын кәсіпорындарда Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің сақталуы жайлы түсіндіру

2017 ж. 26 маусымы күні Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму Министірлігінің индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің Жезқазған өңірі бойынша қазандықтар, газ шаруашылығы, көтергіш имараттары мен нан өнімдері қадағалау бөлімі қадағалайтын кәсіпорындардың бірінші басшылары және техникалық басшыларымен техникалық кеңес өткізілді.

Күн тәртібінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында заңнамалық және нормативті құқықтық актілердің  талаптарының, Қазақстан Республикасының  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының сақталуы сұрақтары қаралып, қауіпті техникалық құрылғыларды, оның ішінде жүк көтергіш механизмдер мен қысыммен жұмыс істейтін қондырғыларды есепке алу және есептен шығару кезінде қауіпті өндірістік объектілердің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.