ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров Эритрея Мемлекетінің Сыртқы істер Министрі Осман Салех Мухаммедпен кездесті

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров Эритрея Мемлекетінің Сыртқы істер Министрі Осман Салех Мухаммедпен кездесті

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі    Ерлан Хаиров Эритрея Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Осман Салех Мухаммед мырзамен кездесті.

Ерлан Хаиров Министрліктің негізгі қызмет бағыттары мен екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық салалары туралы хабардар етті.

Осман Салех Мухаммед мырза оның Қазақстанға іссапары екіжақты ынтымақтастықты жақсарту үшін және геология мен жер қойнауын пайдалану саласына инвестиция тарту үшін ұйымдастырылғаны туралы айтып, Эритреяда пайдалы қазбалардың жаңа көздерін геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Е.Хаиров өз кезегінде мәртебелі мейманға алғысын білдіріп, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауды ұсынды. Сонымен қатар ол, екі ел арасындағы сауда-экономикалық әлеуетті бірлесе жүзеге асыруға үмітті екенін білдірді.