Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жауапты хатшысының Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменттерімен жиналыс өткізді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жауапты хатшысының Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменттерімен жиналыс өткізді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысының 2017 жылғы 27 сәуірдегі №02-08/123 хаттамалық тапсырмасы мен 2017 жылғы 20 маусымдағы №448-І бұйрығына сәйкес, тексеру комиссия құрылып, 2017 жылғы 26 маусымда Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне кадр және қаржы жұмыстарын, құжат айналымын және қадағалау және бақылау функцияларының тиімділігіне тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша 2017 жылы 30 маусымда «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы Сағынов Замир Садықұлы басшылығымен Көлік комитеті төрағасының орынбасары Гилимов Самат Қуанышұлы, Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қазыбаева Шынар Советқызы, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мұнай-газ өнеркәсібін мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы Уразбагамбетов Аскар Ұзақбайұлының қатысуымен Министрліктің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменттеріне жиналыс өткізді.  Жиналыста тексерудің қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер талқыланып, оларды жою және алдағы уақытта қайталанбауын тапсырды.