
ҚР ИДМ Жауапты хатшысы Замир Сагинов министрлік қызметкерлерін келе жатқан Астана күнімен құттықтап, бірқатар әріптестерін Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.
Олардың қатарында - Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің қызметкері Қайырбек Сәдуақасов, Министрдің кеңесшісі Ерік Жұмағалиев, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры Берік Құрманғали, «КазАзот» ЖШС корпоративтік даму бойынша бас директорының орынбасары Тахмина Нагуманова, Азаматтық авиация комитеті басқармасының басшысы Гүлжахан Үсенова, Ішкі аудит департаментінің бас сарапшысы Гүлнәр Дулатбаева.
«Астананың Елорда болып сәтті таңдалғанын уақыт дәлелдеді. Ең бастысы – Астана барлық аймақтарға жақын орналасқан, оның демографиялық мүмкіндігі зор, көлік инфрақұрылымы дамыған және қоршаған ортасы қолайлы. Астана аз уақыттың ішінде әлемге танымал әсем қалаға айналды»,- деп атап өтті өз сөзінде З.Сагинов.
Сондай-ақ салтанатты шара барысында Астана күніне орай министрліктің қызметкерлері арасында өткізілген бірнеше байқаудың қорытындылары жарияланып, жеңімпаздар марапатталды.
«Министрліктің Астанадағы ең танымал қызметкері» байқауында «Теледидар мен радионың әйгілі тұлғасы» номинациясы бойынша Амангельды Беков, Әлеуметтік желінің жұлдызы» номинациясы бойынша Жансұлу Макажанова және де «Ең жедел әрекет етуші құрылымдық бөлімше» номинациясы бойынша Азаматтық авиация комитеті жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ мереке қарсаңында қызметкерлердің балалары арасында «Менің сүйікті қалам – Астана» сурет байқауы ұйымдастырылып, бірқатар кішкетай бүлдіршін өз сыйлығын Жауапты хатшының қолынан алды.
Атап айтса, байқаудың ең кішкентай қатысушысы - 3 жасар Әділет Аблай «Жас Дарын» номинациясы бойынша, 4 жасар Айсана Әділхан «Астана және менің жанұям» номинациясы бойынша жеңімпаз атанса, ал 6 жасар Қаныш Сарбас «Гүлденген Астана» номинациясында жүлдегер атанды.
«Астана өмірінен жарқын сәт» бейнесурет байқауында «Мерекелік Астана» номинациясы бойынша А.Пралина, «Сиқырлы Астана» номинациясы бойынша Ә.Сейілхан, «Қысқы Астана» номинациясы бойынша А.Инкарбекова марапатталды.
