ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ұжымға екі Департаменттің жаңа басшыларын таныстырды

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ұжымға екі Департаменттің жаңа басшыларын таныстырды

Шөжеғұлов Әнуар Аманқұлұлы ҚР ИДМ Экспортты дамыту және ілгерілету департаментінің директоры болып тағайындалды.

Әнуар Шөжеғұлов 1969 жылы туған. 1993 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақстан политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді. 2000 жылы Д.Қонаев атындағы Гуманитарлық университеттің заңгер дипломын алды. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша тәмамдады. 2015 жылы Алматы менеджмент университетінің магистратурасын әкімшілік іскерлік магистрі мамандығы бойынша аяқтады.

1992-1993 жылдары Алматы қаласы спорт және туризм әкімшілігі комитеті төрағасының орынбасары, бөлім бастығы қызметтерін атқарды; 1994-2003 жылдары Алматы қаласы Бас кеден басқармасының кедендік бақылау және кедендік рәсімдеу бөлімінің бас инспекторы лауазымын атқарды; 2003-2008 жылдары «Жетісу» кедендік бекеті басшысының орынбасары, басшысы болды; 2009-2010 жылдары Алматы қаласы Кедендік бақылау Департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 2010 жылдан 2013 жылға дейін  ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау Департаментінің басшысы болды. 2013 жылдың мамыр айынан 2017 жылдың шілде айына дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

Сонымен қатар, Жазылбек Ұлан Еркінұлы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласын дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды.

Ұлан Жазылбек 1962 жылы туған. 1984 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы Д.Қонаев атындағы Университеттің құқықтану бакалавры дипломын алды.

2005 жылдан 2008 жылға дейін Алматы қаласының сәулет-құрылыс бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді. 2009-2011 жылдары Алматы қаласы инвестициялық жобалардың мониторингін бағалау Департаментінің және «Қорғас «ШЫХО» АҚ күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізу департаментінің директоры лауазымдарын атқарды;

2011 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықта Алматы қаласы бойынша Сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау Департаменті директорының орынбасары болды; 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және ТКШ Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды; 2014 жылдан бері ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Экономикалық инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры, сонымен қатар Өңірлік даму департаментінің директоры болып келді.