
2017 жылдың шілде айының 5-де Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде «КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК Атырау филиалының, «Атыраумунай» ЖШС-ің, «АБТ-Тест» ЖШС-ің басшылары қатысуымен Дараймола кенорындағы №36 ұңғымасында 2017 жылдың 06-шы мамырда газ шығу апатын тексеру қорытындысы бойынша техникалық кеңес өткізілді.
Ұсынылған тексеріс құжаттарын, апатты жою бойынша орындалған жұмыстар жүргізу туралы ақпаратты қарап, келесідегідей белгіленді, газдың шығу себебіне ұңғыманың құрылысы кезіндегі ұйымдастырушылық, технологиялық тәртібінің және де атқыламаға қарсы қауіпсіздіктің кейбір бұзушылықтары орын алған.
Жиналыс қорытындысы бойынша кәсіпорындар басшыларына ұңғыманың құрылысы кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өндірістік бақылауын күшейту және апаттарға жол бермеу іс-шараларын орындау бойынша ұсынымдар берілді.
