«СНПС- АйДанМұнай» АҚ қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеріс басталды

«СНПС- АйДанМұнай» АҚ қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеріс басталды

Ағымдағы жылдың 03 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің Индустриалды даму және өнеркәсіптік қаупсіздік Комитеті мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің Индустриалды даму және өнеркәсіптік қаупсіздік Комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бірлесіп 2017 жылдың ІІ-ші жартыжылдық тексеру кестесіне сәйкес, «СНПС- АйДанМұнай» Акционерлік Қоғамына қатысты қауіпті өндірістік объектілерінде тексеріс жүргізудің ерекше тәртібі бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексерісті бастады. Тексеріс Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының нормативті және құқықтық актілер талаптарының сақталуы бойынша, бекітілген тексеру парақтарының талаптары аясында жүргізілуде.Тексеріс 2017 жылдың 11 тамызына дейін жүргізіледі.