
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті 2017 жылдың 15 мамыр-11 шілде аралығында ерекше тәртіп бойынша тексерістердің бірінші жарты жылдық тізіміне сәйкес «СайПар Дриллинг Компани б.в. Карачаганак Проджект» филиалы объектілеріне қатысты тексеріс жүргізді.
Мекеме объектілерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы тексерілді.
Тексеріс кезінде Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңы, Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидасы, және Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидасы бойынша бұзушылықтар анықталды.
Тексеріс қорытындысы бойынша «СайПар Дриллинг Компани б.в. Карачаганак Проджект» филиалы заңды тұлғасына жалпы есеппен 226900 теңге, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.