
2017 жылдың 28 маусымында Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маман-мемлекеттік инспекторы К.Шукаманованың және «НурОрдаСтрой» ЖШС өкілінің қатысуымен Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінде орналасқан «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-ның «СКК-Шиелі» филиалының қазандық цехында Е-1,0-0,9М маркалы заводтық № 0109119,
2016 жылғы шығарылған бу қазандығына алғашқы техникалық куәландыру жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 16 бабы 3 тармағы 22) тармақшасына сәйкес техникалық куәландыру кезінде гидравликалық сынақ жасалып, бу қазандығына 10 минут мерзімде 0,82мПа сынамалы қысыммен сынақ жүргізілді. Содан соң қысым 0,8мПа есептік қысымға түсіріліп құбырлардың түйіні, орнатылған арматура мен дәнекерленген түйістер тексерілді. Тексеру нәтижесінде дәнекерленген түйістерде жарықтар, су өтулер, басқа да бұзушылықтар анықталған жоқ.
Бу қазандығына техникалық куәландыру жүргізу кезінде гидравликалық сынақ талаптарына сәйкес келгендігі туралы акт жасалып, Департаментке К-94 нөмірімен есепке қойылды.
Бу қазандығын пайдаланушы ұйымның жауапты тұлғаларына қауіпті техникалық құрылғыларды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 30.12.2014 жылы №358 бұйрығымен бекітілген «Қысыммен жұмыс жасайтын құрылғыларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету» қағидаларының талаптарын сақтау керектігі ескертілді.
