Құрметті тау-кен металлургия кешенінің ардагерлері мен қызметкерлері!

Құрметті тау-кен металлургия кешенінің ардагерлері мен қызметкерлері!

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің  Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтайды.

Қай уақытта да металлург кәсібі қайратты, еңбек сүйгіш, қажырлы адамдардың ісі болып табылады. Сіздер – даңқты да, құрметті кәсіптің өкілдерісіздер және бүгінгі күні өткен буынның дәстүрін жалғастырып келесіздер. Сіздермен өндірілген металдар кең ауқымды құрылыста, энергетикада, машина жасау және басқа да өндірістің салаларында негізгі болған және бола бермек.

Тау-кен металлургия саласының дамуы экономиканың нақты секторының даму деңгейін анықтайды. Оның жұмысының нәтижелеріне елдің даму қарқыны тәуелді, жергілікті орындардағы бюджеттің толығуы, маңызды әлеуметтік бағдарламалардың сәтті іске асырылуы, адамдардың өмір сапасының артуы.

Еліміздің тау-кен металлургия компаниялары саланың технологиялық жаңғыруына белсенді қатысуда және Мемлекет Басшысымен қойылған жоғары өнімді жұмыс орнын құру жөніндегі тапсырмасын тиімді шешуді қалыптастыруда.

Құрметті металлургтер күнсайынғы еңбектеріңізге, сүйген кәсіптеріңізге адалдықтарыңызға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріңізге сіздердің кәсіби мерекелеріңізде сіздерге шын жүректен алғыс айтуға рұқсат етіңіздер,

Саланың барлық жұмысшыларына және ардагерлеріне мықты денсаулық, бақыт, береке, сәттілік және жаңа кәсіби жетістіктерге жетулеріңізді тілейміз!