
Индустрияландыру картасының және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарының жобалары Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасын ескере отырып қаралады.
Бас схема – аумақтық жоспарлаудың негізгі құжаты. Ол халықты қоныстандыру; өндіргіш күштерді орналастыру; инженерлік, көліктік, туристік-рекреациялық инфрақұрылымды дамыту, ұзақмерзімді кезеңге қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалық ұсыныстарды қамтиды.
Қағидаларға сәйкес* жергілікті уәкілетті органдар өтінімдер тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жобалардың Бас схемаға сәйкестігіне құжаттарды Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жолдайды.
Инвестициялық жобаларды қарау кезінде жобаланатын өндірістің өңірдің экономикалық мамандануына сәйкестігі, шикізат базасының, өткізу нарығының, инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің болуы, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздіктің сақталуы талданады.
2019 жылы және ағымдағы жылдың 9 айында 172 инвестициялық жоба қаралды. Бас схеманың ережелеріне сәйкес келмеуіне, сондай-ақ жобаны іскеасыруға арналған салымдармен үйлеспейтін жоғары инфрақұрылымдық шығындарға байланысты 16 жоба қабылданбады. Бұл бюджет қаражатының шамамен 11 млрд. теңгесін үнемдеуді қамтамасыз етті.
2015 жылғы қаңтардан бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейінгі аралықта Бас схемаға сәйкестікке 400-ден астам инвестициялық жоба қаралды және бюджет қаражатының 40 млрд.теңгеден астам үнемделуі қамтамасыз етілді.
*Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысымен бекітілген.