«ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» ЖШС филиалы нысандарында тексеріс жүргізілді

«ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» ЖШС филиалы нысандарында тексеріс жүргізілді

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментімен

(әрі қарай - Департамент) 2017 жылдың 15 мамыры мен 30 маусымының аралығында,

2017 жылдың I жартыжылдығына арналған ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» ЖШС Ақтау қаласындағы филиалы нысандарында ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізілді.

Тексеру жүргізу барысында 108 нысан тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында

167 бұзушылық анықталды. Осының негізінде, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 298 бөлімінің 1 тармағына сәйкес заңды тұлғаға жалпы сомасы 226 900 теңгені құрайтын айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Департамент «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» ЖШС Ақтау қаласындағы филиалына қатысты «Жанар-жағармай бекеті» нысанын анықталған бұзушылықтарды толықтай жойғанға дейін тоқтату мақсатында Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (әрі қарай - сот) құжаттар жолдады.

Қазіргі таңда құжаттар сотпен қаралу үстінде.